IAAF-тың екінші деңгейлі курсы Өскеменде өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - IAAF-тың жаттықтырушыларға арналған «Көп түрлі жеңіл» атты халықаралық курсы 28 сәуір мен 5 мамыр аралығына Өскемен қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты таратқан мәліметтерге сүйенсек, семинар-тренинг 8 күнге жоспарланған.
Онда көпсайыспен айналысатын спортшыларды қалай дайындау керектігі айтылады. Сондай-ақ, практикалық сабақтар мен жаттығу әдістерін талдауға да уақыт бөлінетін болады. Курсқа 24 қазақстандық жаттықтырушы қатысады.
Олар 5 мамырда емтихан тапсырып, IAAF-тың екінші деңгейлі сертификатына ие болмақ.