IBA аясында әлем чемпионатында бүгін қазақстандық үш боксшы сынға түседі
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 7 желтоқсанда ел құрамасынан үш боксшы сынға түседі.
IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.
Күндізгі сессия (18:00)
57 келі. Оразбек Асылқұлов — Элизандру Саншеш да Силва (Кабо-Верде)
Кешкі сессия (22:00)
63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов — Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия)
70 келі. Абылайхан Жүсіпов — Арарат Арутюнян (Армения).
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Даниял Сәбит (51 келі),
Сәкен Бибосынов (54 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.