IBA рейтингі: Қазақстан боксшылары бірінші орыннан көрінуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов IBA-ның рейтингіндегі Қазақстан боксшыларының дәрежесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін IBA-ның рейтингі шықты. Қазақстан Иорданиядағы Азия біріншілігіне дейін әлемде 3- орында тұр. Осы біріншіліктен кейін 1, 2-орындардан көрінуіміз әбден мүмкін. Боксшыларымызға сәттілік тілей жүріңіздер!», - деп жазды А.Қожамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аталған рейтингіде АҚШ 1- орында тұрса, Бразилия 2- орынға жайғасқан.
Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты Иорданияда биыл 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.
