IBF экс-чемпионы Жақияновпен емес, Макдоннеллмен айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, британдық Пол Батлер (23-1, 12 КО) өзінің кезекті айқасын қазақстандық Жанат Жақияновпен (27-1, 18 КО) емес, отандасы Джейми Макдоннеллмен (29-2-1, 13 КО) өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz Boxingscene.com-ге сілтеме жасап.

IBF экс-чемпионы Жақияновпен емес, Макдоннеллмен айқасады

«Менің естуім бойынша, біз Макдоннеллмен келісім жасауға шақ қалдық. Оларға келісімшарт жібердік, қол қояды деп үміттенеміз. Егер ол қол қойса, мен де оны жүз пайыз жасаймын!», - деп мәлімдеді Батлер.

Бұрын берген сұхбатында Пол Жақияновпен жұдырықтасуға дайын екендігін айтқан. Алайда Макдоннеллді жеңсе ғана, қазақстандық боксшыны рингке шақыратынын мәлімдеген.