IBF тұжырымының жаңа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық Сэм Солиман Феликс Штурмды жеңіп, IBF тұжырымы бойынша чемпион атанысымен, келесі кездесуін Геннадиймен өткізгісі келетінін жариялады, деп хабарлады sports.kz.
None
None

Ол жекпе-жек аяқталысымен «GGG, мен саған бара жатырмын» деген.

«Маған қазір достарым не айтатынын жақсы білем. Олар: Сэмми, райыңнан қайт, сен титулды алдың, атақтылармен айқасып тәуекелге барма», дейтін болар. Шынымды айтсам, мен үздіктермен сынға түсіп, өзімді тексеріп көргім келеді. Штурммен болған жекпе-жегімді АҚШ-та көрсеткені үшін қуаныштымын. Головкин оны көргені сөзсіз. Ол енді кіммен кездесетінін жақсы түсінген болар», - деді австралиялық боксшы.

Соңғы жаңалықтар