IBF Жақиянов - Барнетт айқасын өткізбеу туралы ақпаратты теріске шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Жанат Жақиянов-Райан Барнеттің біріктірілген айқасын өткізбеу ниеті туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлады Sports.kz.

IBF Жақиянов - Барнетт айқасын өткізбеу туралы ақпаратты теріске шығарды

Ұйым хабарлағандай, боксшылардың жекпе-жегі алдын ала мақұлданды. Үдеріс келісімшарттарды күту сатысында. Бұдан бұрын Irish-Boxing.com сайты IBF Барнеттің (жеңіл салмақтағы ұйым чемпионы) WBA атағының иегері -Жақияновпен жекпе-жегін өткізуге кедергі келтіріп, оның орнына солтүстік ирландиялықптың титулға міндетті үміткер - пуэрторикандық Эммануэл Родригеспен (17-0, 12 КО) айқасын ұйымдастыруды жоспарлауда деп жазған.