11:50, 12 Қаңтар 2024 | GMT +5
IBF жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшылар қай орында
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Kazinform бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Орта салмақ дәрежесінде Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орынды сақтап қалды.
Бұл дивизионда IBF/WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы – Жәнібек Әлімханұлы. Рейтингідегі алғашқы екі орын бос, ал үшінші орынды неміс спортшысы Денис Радован иеленді.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек 12-орыннан 13-орынға түсті. Бұл салмақта да алғашқы екі орын бос, үшінші орында Тәжікстан боксшысы Шавкат Рахимов тұр. IBF нұсқасы бойынша бұл дивизионда әлем чемпионы – британдық Джо Кордина.