IBM-нің суперкомпьютері неміс дәрігерлеріне сирек ауруларды анықтауға көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBM компаниясы неміс дәрігерлеріне сирек ауруларды диагностикалау үшін Watson жасанды интеллектін әзірлейді. Бірлескен зерттеулер 2016 жылдың соңында басталады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Жаңа жүйе Марбург қаласындағы университеттік клиниканың анықталмаған және сирек кездесетін сырқаттар бойынша медициналық орталығында орналасады. Клиника 2013 жылы ашылғалы бері мұнда 6 мыңнан астам сырқат өз ауруының нақты диагнозын күтіп жүр. «Бұл алаңдатарлық көрсеткіш. Бізге жаңа ойлар және жаңа технологиялар керек», - дейді профессор доктор Юрген Шефер. Сырқаттардың дені 10-30 дәрігерге қаралғанымен сырқатты нақты диагностикалау мүмкін болмағане.
«Пациенттеріміздің мыңдаған медициналық құжаттары бар. Біз сырқаттардың көптігі ғана емес олардың барлық құжаттарын зерделеудің өзіне біраз уақыт кетеді. Біздің жұмысымыз шөп арасынан ине іздегенмен тең, өйткені шағын ғана мәлімет нақты диагнозды табуға септігін тигізер еді», - дейді Шефер.
Қазір сырқаттардың осыншама көп құжаттарын Watson жасанды интеллекті «оқитын» болады.

Соңғы жаңалықтар