IBO чемпионын жеңген Юбэнк Головкинді жекпе-жекке шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Крис Юбэнк екінші орта салмақтағы (76,2 келіге дейін) IBO бойынша әлем чемпионы атағы үшін айқаста австралиялық Ренольд Куинланды жеңді.
Жекпе-жек 12 раундқа есептелген, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. 10-раундта рефери тоқтаусыз соққы берген британдық боксшының жеңісін техникалық нокаут деп мойындап, айқасты тоқтатуға мәжбүр болды, деп жазды sports.kz.
Жеңіске жеткен Юбенк өзі жекпе-жекке шыққысы келетін үш боксшының есімін атады, олар, әрине қазақстандық Геннадий Головкин және екі британдық Джеймс Дигейл мен Билли Джо Сондерс.