IBSA Judo World Championships Astana: үздік парадзюдошылар елордада белдеседі

АСТАНА. KAZINFORM – 13-15 мамыр күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

парадзюдо
Фото: t.me/kazparajudo

Төрт жыл сайын өтетін басты додада 40 елден 350-ден астам спортшы жүлдеге таласады. Биылғы жаһандық бәсекеге 15-тен астам паралимпиада чемпионы мен әлемдік жұлдыздар арнайы қатысады.

Қазақстан құрамасы толықтай мықты спортшыларына сенім артады. Еліміздің намысын Астана қаласының спортшылары – Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов және Бауыржан Арыстанбеков қорғайды. 

Парадзюдодан әлем чемпионаты 13-15 мамыр аралығында өтеді. Күн сайын сағат 10:00-13:00 аралығында іріктеу белдесулері, ал 15:30-17:00 аралығында финалдық белдесулер болады.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 13 мамыр күні сағат 15:00-де, Қабанбай батыр даңғылы, 43 мекенжайында орналасқан Жекпе-жек сарайында өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін. 

Бұған дейін Әбиба Әбужақынованың Grand Slam турнирінде жартылай финалға шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар