IBU Ресей Биатлоншылар одағын толық мүшелікке қабылдаудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Конгресі Ресей Биатлоншылар одағының осы ұйымдағы толық мүшелігін қалпына келтіру үшін тапсырған өтінішіне қарсы дауыс берді. Бұл туралы IBU Туиттерде мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

IBU Конгресі Хорватияның Пореч қаласында өтіп жатыр. 5 қыркүйекте басталған жиын 9 қыркүйекте аяқталады.

«IBU Конгресі Ресей Биатлоншылар одағының IBU толық мүшелігін қалпына келтіру үшін тапсырған өтінішіне қарсы дауыс берді. Сондықтан РБО IBU-дың уақытша мүшесі болып қала береді», - делінген хабарламада.

2017 жылғы РБО-ның халықаралық одақтағы статусы уақытша мүше деңгейіне төмендетілген болатын. Оған ресейлік биатлоншылардың допинг дауына ілігуі себеп болған. 

Соңғы жаңалықтар