IBU шешімі: Қазақстан құрамасының 10 биатлоншысы неліктен жарыстан шеттетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық биатлоншылар одағы IBU Қазақстан құрамасының биатлоншыларын уақытша шеттету туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан биатлоншылар одағының ресми сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың қаңтар айында биатлоннан Қазақстан құрамасы Италияның Анхольц қаласында өткізілген Әлем Кубогының кезеңіне қатысқан. Сол жылдың 20 қаңтарында допингті қолданды деген күдікпен Италияның Больцано провинциясының полициясы мен прокуратурасы жоспардан тыс Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары мен спортшыларының нөмірлеріне тінту жүргізген.

«Аталмыш шараға Қазақстан командасына тиесілі қоқыс контейнерлеріне лақтырылған медикаменттер қорапшасы себеп болып отыр. Тексерулердің барлық сатысында допингке қатысты барлық сынамалар біздің биатлоншыларда теріс нәтижені көрсеткен. Өзінің қаулысымен Больцано прокуратурасы Қазақстан құрамасына қарсы істі жабу және тергеуді тоқтату туралы өтінім берген. Қазақстан құрамасы спортшыларында тыйым салынған заттар табылмаған», - делінген хабарламада.

Алайда 2018 жылдың 22 қарашасында Қазақстан биатлоншылар одағына 2017 жылдың қаңтарындағы антидопингтік іске байланысты ұлттық құрамадағы 10 спортшыны уақытша сайыстардан шеттету туралы IBU-дың ресми хабарламасы келген.

«Аталмыш қаулымен Халықаралық Биатлонистер одағы IBU аталмыш мәселені біржолата анықтап, биатлоннан Қазақстан құрамасын антидопингтік ережелердің бұзылуына қатысты айыпталуы бойынша істі біржолата жабуды көздейді. Ресми хатта 9 спортшы жазылған. Олар істің мән-жайы анықталғанша халықаралық сайыстарға қатыса алмайды. Олардың ішінде Галина Вишневская, Алина Райкова, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Ян Савицкий, Максим Браун, Анна Кистанова, Антон Пантов и Василий Подкорытов бар», - деп хабарланды Қазақстан Биатлоншылар одағының ресми сайтында.

Қазіргі таңда IBU аталмыш мәселе бойынша барлық түйткілдерді зерттеп жатыр. Тексеру қорытындысынан кейін әрбір спортшыға жеке хабар берілетін болады. Кемшілік анықталмаған жағдайда айыптаушы шектеулердің бәрі де күшін жояды.

IBU аталмыш мәселе бойынша соңғы шешім шығарған кезде бұл туралы Қазақстан биатлоншылар одағына ресми түрде хабарланатын болады.

«Қазіргі таңда біздің құрамадағы 12 спортшы Швецияның Идре қаласында IBU-тың Бірінші Кубогы кезеңіне қатысқалы жатыр. Старт 2018 жылдың 29 қарашасында басталады. Біздің құраманың құрамында төрт спортшы бар: олар тізімде көрсетілген Галина Вишневская, Дарья Климина, Максим Браун мен Антон Пантов. IBU қаулысы бойынша әзірге істің мән-жайы анықталу үстінде. Жоғарыда аталған спортшылар жарыстан шеттетілді. Ал қалған сегіз спортшы Бірінші және одан кейінгі IBU Кубогының кезеңдеріне қатыса алады», - дейді Қазақстан биатлоншылар одағының президенті Ермек Қизатов.

Соңғы жаңалықтар