14:55, 30 Қараша 2009 | GMT +5
Иерусалимде еврейлер сенбі күні де жұмыс істегілері келеді
АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат - «Сенбі күні жұмыс істеуге біздердің құқығымыз бар!» деген ұранмен Иерусалимде жүздеген манифестанттар көшеге шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат EuroNews сайтына сілтеме жасап.
Қарсылық акциясы иудейлер өткізген әсіре-ортодоксальдық науқанға жауап ретінде ұйымдастырылды. Олар шаббатты сөзсіз орындауды талап етеді. Яғни Торада бұйырылғанындай, сенбі күні жұмыс істемеуді және тіпті мәшинені де жүргізбеуді талап етуде.
Тіпті лифтінің өзін пайдалануға тыйым салатын шаббат діни мәхаллалардың тұрғындары үшін сенбі күні бірқатар манифестациялар өткізуге кедергі еткен жоқ.