Иерусалимде ежелгі патшалық мөрі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильде біздің дәуірімізге дейін VIII ғасырда иудейлерге билік еткен Езекия патшаға тиесілі мөрдің сынығы табылды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
None
None

Ол Иерусалим қаласында қазба жұмыстарын жүргізу барысында көне үйіндіден табылған. Ғалымдар мөр Езекия патша қол қойып, папирусқа жазған құжатта байланған деп болжайды. Інжілге сәйкес, Езекия иудей тағына Израиль патшасы Осияның үшінші жыл басқаруы тұсында келген. Яғни біздің дәуірімізге дейін 727 жылы. Ол кезде Езекия 25 жаста болған, Иудейлерді 29 жыл биледі.

Соңғы жаңалықтар