09:28, 27 Ақпан 2010 | GMT +5
Иерусалимде Сүлеймен патша тұрғызған қабырға табылды
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Израиль археологтары Иерусалимде Храм таулары мен Сильван ауданының арасында біздің дәуірімізге дейінгі Х ғасырдың аяғы - Сүлеймен патша билік құрған кезең деп белгіленген қабырға табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Қабырғаның аршылған бөлігі 6 метрден 10 метрге дейінгі биіктікті құрайды және ұзындығы 70 метр болады. Сонымен қатар, монументалды қақпа және бекініс мұнарасы табылды.
Археологтар Інжілдің Үшінші кітабындағы үшінші тараудың басында дәл осы қабырға туралы айтылған деп топшылайды.
Осы жерден зерттеушілер қыштан жасалған құмыра мен мөрлердің сынықтарын тапты. Сынықтардағы белгілер олардың патша мөрлері екендігін куәландырады.