Иерусалимдегі ультраоңшылдар шеруі Израиль мен Газа секторының зымыранды атысына әкелді

None
None
ИЕРУСАЛИМ. ҚазАқпарат – Палестина анклавындағы содырлар Израильдің оңтүстігіне зымыран ұшырғаннан кейін, олар да Газа секторындағы нысандарға әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбіде жүздеген израильдік ультраұлтшылдар Иерусалим Ескі қаласының айналасындағы палестиндік аудандарда «Жалаулар шеруін» өткізді. Олар полицияның тыйым салғанына да, ХАМАС қозғалысының қауіпті мәлімдемелеріне де қарамады.

Бұған дейін аталған қозғалыс өкілі жоспарланған шеру Иерусалим арқылы өтетін болса, шерушілерге «қасиетті жерлеріне жақындауға» жол берілсе, Израиль «оның салдары үшін толық жауап беретінін» айтқан еді.

Шараны өткізуге рұқсат бермеуге полицияның құқы жоқ, бірақ олар өткен жылы не болғанын біледі. Иерусалим күні ұйымдастырылған осындай шеруден кейін Газа секторы астанаға оқ жаудырып, «Дуалдар күзеті» әскери операциясының басталуына әкелген болатын. Сондықтан, полиция шеру мерзімін ауыстырып, бағыт жоспарын қайта қарауды ұсынды. Алайда, «Жалаулар шерушілері» полицияның өтінішіне құлақ аспады.

Шеруді палестиналықтар Израильдің даулы қаланы бақылауының арандатушылық көрінісі ретінде қабылдады. Жауап ретінде Газа секторынан елдің оңтүстігіндегі Сдерот қаласына бес зымыран ұшырылды. Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, зымырандарды әуе қорғанысы күштері қағып түсірген.

Тель-Авив зымыранмен шабуылдау жауапкершілігін ХАМАС-қа артқаннан кейін елдің әскери әуе күштері Газа секторындағы зымыран қозғалтқыштарын шығаруға арналған заттар сақталатын орындарға қарымта соққылар жасады.

Бейсенбі күні таңертең Храм тауында палестиналықтар мен израильдік полиция арасында тағы қақтығыс басталды. The Times of Israel хабарлауынша, Израиль полициясының мәліметіне сәйкес, бетперде киген ондаған бүлікші Аль-Акса мешітіне кіріп, есіктерді жауып, офицерлерге тас пен фейерверк лақтыра бастаған. Полицейлер де оларға қарсы құралдар пайдаланады. Мешіттегі тәртіпсіздікті ұйымдастырған Шығыс Иерусалимнің жеті тұрғыны қамауға алынған. «Қызыл Жарты Ай» ұйымының мәліметінше, қақтығыс кезінде 20 палестиналық жарақат алған.

Айта кетейік, Иерусалимдегі Аль-Акса мешіті - Храм тауы деп те аталады. Ол мұсылмандар үшін де, еврейлер үшін де қасиетті орын болып саналады. Ал, биыл мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы мен еврейлердің Песах мерекесі қатар келіп тұр.

Еске салсақ, Израильдегі әскери операция кезінде 5 палестиналық қаза тапқан еді.



Соңғы жаңалықтар