Иесі алып қоянды бағудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияда орташа ит көлеміндей Continental Giant тұқымынан жеті айлық қоянның болашағы бұлдыр болып отыр. Себебі оның қазіргі иесі оны күтуден бас тартты.

Иесі алып қоянды бағудан бас тартты

Атлас атты қоян шотландиялық жануарларға қатал қараудың алдын алу орталығы Глазгоға орналастырылды, деп жазады planet-today.ru.

Атласты күтуші Анна О'Доннел қоян тағы да өсуі мүмкін деп санайды. Себебі ол стандартты торға сыймайды. Қоян емін-еркін жүруі үшін жаңа үйі кең болғаны жақсы. Әрі жаңа иесінің қоянды күту дағдысын білгені де маңызды болып отыр.