Иесін 2 жылдан кейін көрген ит есінен танып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ит иесін қорғап қана қоймай, оны сағынады да екен. Youtube әлеуметтік желісіндегі бейнекөрініс соған дәлелдей.

Иесін 2 жылдан кейін көрген ит есінен танып қалды

Слованияда иесін екі жыл көрмеген ит «қуаныштан» қатты қыңсылап, есінен танып қалады. Әлеуметтік желідегі бұл видеоны 35 мыңның үстінде адам тамашалап, түрлі пікір қалдыруда.

Видео туралы талқылағандар әлеуметтік желілерде «ит - адамның досы», ол ешқашан да сатпайды, талай достан артық деген пікірлер жазған.