02:43, 17 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Иесінің қарызы үшін қоян мен мысық қамауға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснояр өлкесіндегі Минусинск қаласында сот приставы иесінің қарызы үшін үй жануарларын қамауға алды.
Федералдық сот приставтарының қызмет басқармасынан хабарлағандай, ер адам коммуналдық қызмет үшін 20 мың рубль қарыз болады. Компания ер адамды сотқа берсе де, ол бірде-бір төлемақы жасамаған. Кейін сот шешімін орындату үшін приставтар ер адамның үйіне келіп, оның асыл тұқымды мысығы мен үй қоянын қамауға алады. Кейінірек қарыз төленіп, жануарлар иесіне қайтарылды, деп жазады ресейлік БАҚ.