Иесіз ит басындағы 70 сантиметрлік жебемен бірнеше сағат жүрген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жануарларды қорғаушылар басындағы 70 сантиметрлік жебемен қаңғып жүрген итті құтқарды.
Иттің маңына адамдар жинала бастаған. Кейбіреулері көмектеспек болған екен. Адамдар полиция мен ветеринарларды шақыртқанда ит көрші көшеге қашып кеткен.
Екі сағаттан кейін ол арт-зонада табылды. Итті ветеринарлық емханаға жөнелтті. Садақтың оғы көзінің үстімен өтіп, құлағының сыртына зақым келтірді, алайда миға тимеген. Ветеринарлар итке ота жасады. Иттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Хабар әлеуметтік желілер арқылы тарап, нәтижесінде интернет-пайдаланушылар итті емдеуге 10 000 юаньнан астам (шамамен 500 000 теңгеден астам) қаражат жинады.