IFC Еуропалық және орталықазиялық реттеушілерге озық заңнамалық тәжірибе мен микроқаражаттауды игеруге көмектесуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл мақсатта Әзірбайжан, Босния және Герцоговина мен Қазақстан, Қырғызстан, тәжікстандық реттеушілерге заңнамалық тәжірибе мен микроқаражаттауды игеру мақсатында Моңғолияға таныстырылым турын ұйымдастырады. Қазанның 12-14-і аралығында болатын саяхатта реттеушілер осы саладағы үздік халықаралық қадамдармен танысатын болады. Ол өз елдеріндегі микроқаржыландырудың реттеу базасына мейлінше мол ақпараттандырылған деңгейде жақындауға жағдай туғызады. Турды IFC жобасы бойынша Әзірбайжандағы және Орталық Азия елдеріндегі микроқаржылық институттардың қолдауы аясында Нидерланды Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ұйымдастырылды.
«IFC микрокәсіпкерлер мен тұрғындарды қаржыландыруды көздей отырып, микроқаржыландыру заңнамаларының күшеюіне қызмет жасайтын болады. Бұл жолда Моңғолия микроқаржы секторындағы басымдықтарды көрсетуде өте қолайлы үлгі», дейді IFC Еуропа мен Орталық Азиядағы қаржы нарығын дамыту консультативті бағдарламаларының аймақтық басшысы Рольф Берндт.
Дамыған микроқаржылық сектор жекелей сектордың өсуіне ықпал жасаушы және кедейшілікті қысқартуда үлкен маңызға ие. Бүгінде дамушы елдерде 3 миллиардтан астам адам қаржыландыруға шектеулі түрде қол жеткізуде немесе тіпті қол жеткізе алмайды. Ал IFC бұл дамушы елдерде қаржыландыруға мол мүмкіндіктер ашу арқылы халықтың жағдайын жақсартуға көмектесетін болады.