Игорь Рогов Италияда Венеция комиссиясының 134-ші пленарлық сессиясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов Италияда Венеция комиссиясының 134-ші пленарлық сессиясына қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Игорь Рогов Италияда Венеция комиссиясының 134-ші пленарлық сессиясына қатысады

«2023 жылғы 9-11 наурызда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстан атынан Венециялық комиссиясының мүшесі Игорь Рогов Италияда Венеция комиссиясының 134-ші пленарлық сессиясына қатысады. Пленарлық сессияда жекелеген мемлекеттердің (Әзербайжан, Босния және Герцеговина, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Украина) заңнамалық актілері жөніндегі комиссияның қорытындыларын қабылдау туралы мәселелерді қарау жоспарланып отыр», - деді А. Смадияров ведомствода өткен апталық брифингіде.

Сонымен қатар, Венеция комиссиясы сарапшыларының биыл сәуір айында өтетін азаптаудың алдын алу мәселесі бойынша халықаралық дөңгелек үстелге отырысына қатысуы талқыланады. Бұл жиынға Орталық Азия елдерінің прокурорлары, адвокаттары мен омбудсмендері келеді.