Игорь Рогов: Қазақстанның Ата Заңы - халық пен оның Көшбасшысының бірлескен туындысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның негізгі заңы - халық пен Елбасының бірлескен туындысы. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов мәлім етті.
None
None

«Ата Заңды қабылдау үдерісінде Мемлекет басшысының көрнекті рөлі туралы еске салып өткім келеді. Әлемде қолына қалам ұстап, заң жобасының әрбір мәтініне зер салып, қарап шыққан саясаткерлер мен мемлекет басшылары көп кездеспейтіні анық. Атап айтқанда, Президент осының алдында өзге елдердің Конституцияларының бірқатарын зерттеп шыққан болатын. Олардың саны бірнеше ондаған еді»,-деді И. Рогов.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық ерекшелік ретінде осындай бірегей құжаттың жасалуын атап өтуге болады. Ата Заңда құқықтық ғылымның жаңа жетістіктеріне, еліміздің барша ұлттық ерекшеліктеріне баса мән беру жағы ескерілді.

«Қазақстанның Ата Заңы - халық пен оның Көшбасшысының бірлескен туындысы деп абыроймен айта аламыз»,-деді Конституциялық кеңестің төрағасы.

Мұнымен қоса ол осы аптада өтетін Халықаралық конференцияға тоқталды.

«28 тамызда Қазақстанда Ата Заң күні қарсаңында дәстүрлі түрде Халықаралық конференция өтеді. Конституциялық құқық мәселелеріне арналған бұл форум еліміздің брендіне айналды. Себебі шетелдік әріптестеріммен, заңгерлермен, халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу кезінде біздің конференция жайында жиі сөз қозғайды. Атап айтқанда, шетелдік әріптестер жыл сайын өткізілетін біздің конференция конституциялық құқық мәселелеріне арналған бірегей алаң екенін алға тартуда»,-деді И. Рогов.

Оның айтуынша, конференция барысында көптеген өзекті мәселелер қозғалатын болады. Шараға 28 елдің өкілдері келеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар