ІІ Азия жағажай ойындарында қазақстандық волейболшылар жалпыкомандалық есепте үздік үштіктің қатарынан көрінді
АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық жағажай волейболшылары желтоқсанның 9-16 күндері Оманның Маскат қаласында өткен ІІ Азия жағажай ойындарында ерлер және әйелдер турнирі бойынша үшінші орын алды.
Онда ерлер арасында Алексей Сидоренко мен Дмитрий Яковлев күміс жүлдегер атанды. Олар жартылай сында жарыс қожайындарынан басым түсіп, тек ақтық сында қытайлық Ву-Ху жұбына 1:2(16-21, 23-21, 3-15) есебімен есе жіберді. Ал Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова ширек финалда қытайлық құрбыларынан дәл осындай есеппен жеңіліп қалды.