II Халықаралық балет конкурсында қазақстандық Мәдина Баспаева жеңімпаз атанды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында желтоқсанның 5-інде  өткен II Халықаралық балет конкурсының Гран-При жүлдесін қазақстандық Мәдина Баспаева жеңіп алды, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға Қытай, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның балет  өнерінің талантты жастары  қатысып, бақтарын сынаған болатын.
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конкурсқа қазылық еткен КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Людмила Семеняка, Рим би академиясының ректоры Маргарита Парилла, Бейжің би академиясының профессоры Сиао Су Хуа, жапондық «Тойота-Сити-Балет» хореографиялық колледжінің бас директоры Сува Хитоши, Халықаралық балет конкурстары федерациясының төрағасы Сергей Усанов және ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев Гран-При жүлдесіне Мәдина Баспаеваны лайықты деп тапты.

ІІ Халықаралық балет әртістері конкурсының 1-ші дәрежелі сыйақыны Эльдар Сәрсенбаев пен қытайлық Гао Дже ие болды. 2-ші дәрежелі сыйақыны ресейлік Эрика Микиртичева, қазақстандық Нұрлан Қонақбаев жеңіп алды. 3-ші дәрежелі сыйақы Қазақстан балетшілері Гүлвира Құрбановаға, Дидар Сәрсенбаевқа, Тайыр Гатауовқа және Николай Коршуновқа бұйырды.

 Көрермендер көзайымына айналған Досжан Табылды қазылар алқасының арнайы марапаттарын еншіледі.

Соңғы жаңалықтар