ІІД: Алматы көшесіндегі үлкен шардан ешкім зардап шеккен жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі пайдаланушылары Алматы көшелерінің бірінің жүргінші бөлігінде үлкен шардың домалап бара жатқаны туралы видеоны талқылауда. Көліктердің бұл затты айналып өтуінек не болмаса, өткізіп жіберуіне тура келуде.

ІІД: Алматы көшесіндегі үлкен шардан ешкім зардап шеккен жоқ

ІІД баспасөз қызметінде видео зерделеніп жатқаны атап өтіледі. Алдын ала деректер бойынша бұдан ешкім зардап шекпеген.

Инстаграмда ztb_video парақшасында видеоролик пайда болды. Оның қай көшеде орын алғанын пайдаланушы нақтылап жазбаған. Сондай-ақ оның қайдан пайда болғаны жайлы да ақпарат жоқ.

Кейбір желі пайдаланушылары оны декоративтік конструкциядан құлаған зат деуде. Ал кейбірі оны құртқа ұқсатып, қалжыңға айналдыруда.