ІІД «Нұрлы жол» вокзалындағы оқыс оқиға туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының автотұрағында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД «Нұрлы жол» вокзалындағы оқыс оқиға туралы айтты

Жеңіл көлік шыны қабырғаны жарып ғимарат паркингінен шығып кеткен. Оқыс оқиғаның видеосы желіде жарияланған.

Астана ішкі істер департаменті осы оқиғаның болғанын растады.

«12 тамыз күні сағат 19:40 шамасында «Нұрлы жол» теміржол вокзалының автотұрағында көлік жүргізушісі рульді басқара алмай, тосқауылды (паркинг витринасы мен эскалаторлар) бұзып өткен», - делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жүргізушінің машинасы коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды.