IIHF Боченски, Доус пен Бойдқа ӘЧ-де Қазақстан құрамасы сапында ойнауға рұқсат берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы Халықаралық хоккей федерациясымен астаналық «Барыстың» ойыншылары - Брэндон Боченски, Найджел Доус және Дастин Бойдтың 2016 жылғы әлем чемпионатына қатысатыны туралы келісім жасасты, деп хабарлады «Р-Спорт» агенттігіне ҚХФ жауапты хатшысы Глеб Каратаев.

IIHF  Боченски, Доус пен Бойдқа  ӘЧ-де Қазақстан құрамасы сапында ойнауға рұқсат берді

Хоккейден әлем чемпионаты Мәскеуде, Санкт-Петербургте 6-22 мамыр аралығында өтеді. Элиталық дивизонға қайтып оралған Қазақстан құрамасы Мәскеуде А тобында Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия, Дания командаларымен ойнайды. Боченски (АҚШ тумасы), Доус пен Бойд (екеуі де - Канада) турнирге дайындалу, қатысу үшін Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді.