III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Армрестлингтен ҚР құрамасы көшбасшылар қатарында

ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - 3 қыркүйекте III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Шолпан-Ата қаласы дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағында (ДСК) ерлер мен әйелдер арасында түрлі салмақ дәрежесі бойынша армрестлингтен жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан командасының құрамында 6 спортшы қатысты. Әйелдер арасында құрамадан Письменная Оксана (75 кг) мен Лисянская Антонина (+75 кг) қатысып жатыр. Ерлерден Фараджов Вали (75 кг), Стипанчук Андрей (95), Сазонов Олег (105) пен Дмитрий Трубин (+105кг) ел намысын қорғауда.

Жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 7 алтын және 5 күміс медаль иеленіп, жалпы командалық есепте көшбасшылар арасына кірді.

Айта кетейік, жарыс екі қолмен өтті. Қазақстанмен бірге іс-шараға Украина, Болгария, Иран, АҚШ, Корея, Үндістан, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан өкілдері қатысуда.

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек аралығында Ыстықкөл (Қырғызстан) аумағында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасынан  25 этноспорт түрінен 134 спортшы күш сынауда. 

Соңғы жаңалықтар