III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақ спортшылары алғашқы медальдарды олжалады

ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды. Айтулы додада қазақстандық спортшылар ел қоржынына алғашқы медальдарды салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақ спортшылары алғашқы медальдарды олжалады

Мұратхан Берікбол (68 кг) мен Мақсат Жандильдаев  (81 кг) тәжіктің ұлттық спорты - «гуштини милли камарбанди» атты белбеу күресінен қола жүлдені жеңіп алды.  

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында 134 спортшы бар, олар ұлттық спорттың 25 түрінен бақ сынайды. 

Автор: Серікбол Қошмағанбетов