ІІІ тоқсанда Қытай экономикасы 8,9 пайызға өсті

БЕЙЖІҢ. Қазанның  23-і. ҚазАқпарат  /Руслан  Сүлейменов/ -    Үшінші  тоқсанда   Қытай экономикасының  өсуі    8,9   пайызды  құрады. 

ІІІ  тоқсанда Қытай  экономикасы 8,9 пайызға өсті

Бұл туралы   бейсенбі күні Бейжіңде     өткен   баспасөз  мәслихатында   Қытай Халық Республикасы  Мемлекеттік  статистика басқармасының  өкілі Ли Сяочао мәлім етті.

Оның айтуынша,   ағымдағы жылдың  қаңтар-ақпан  айындағы күрт баяулауға  қарамастан,     Қытайдың    жалпы  ішкі  өнімі    9 айдың  қорытындысы  бойынша 7,7   пайызға   өсіп  отыр.   Атап айтқанда,     Қытай экономикасының  өсу  қарқыны     ІІІ  тоқсанда   еселеніп, өткен  жылдың  сәйкес  кезеңімен салыстырғанда  8,9 пайызды  құрады.

«Белгіленген мақсатқа -  8 пайыздық өсуді  қамтамасыз  ету  мақсатына  қол жеткізуімізге    барлық   мүмкіндік бар  деп  сеніммен  айта аламыз. Оған  ешқандай күмән жоқ»,  деп  атап көрсетті Ли Сяочао өз сөзінде.