ІІМ:1 ақпан мен 31 наурыз аралығында заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді тұрғындардан сатып алу акциясы өтеді

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - «Атыс қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі 2012 жылғы 1 ақпан мен 31 наурыз аралығында

ІІМ:1 ақпан мен 31 наурыз аралығында заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді тұрғындардан сатып алу акциясы өтеді

халықтағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын өткізеді», - деп хабарлайды ІІМ-нің Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 Аталмыш акция талаптарына сәйкес, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар қару-жарақтарын ерікті түрде тапсырған азаматтарға мемлекет тарапынан қаржы төленеді. Қаржының көлемі  әр қару бірлігі үшін оннан бастап жүз еселік айлық есептік көрсеткішке дейін көзделген.  Атыс қаруын және оқ-дәріні және жарылғыш заттарды қабылдау ішкі істер органдарының әрбір аумақтық бөлімшелерінде жүргізіледі.

 Ішкі істер министрлігі жарақат алудың алдын алу мақсатында қандай да бір жағдайда  табылған жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді сақтамауға және оларды пайдаланбауға шақырады. Қару немесе оқ-дәрі табылған жағдайда полицияның кез-келген бөлімшесіне 102 телефоны немесе ұялы телефон арқылы 112 нөміріне хабарлауды сұрайды. Ішкі істер министрлігі өткізіліп жатқан акцияны тұрғындардың қолдайтынына және оған белсенді қатысатынына сенеді.