ІІМ академиясының курсанттары суға батып бара жатқан баланы құтқарды

БІШКЕК. ҚазАқпарат -  ІІМ Академиясының 2 курс курсанттары Ислам Әлімқұлов пен Дастан Артықбаев  Бішкектің шығысында орналасқан Аламедин-1 шағынауданындағы каналға ағып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Кабар.

ІІМ академиясының курсанттары суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Курсанттардың айтуынша, шамамен сағат 16:00-де арықтың маңайында жүрген олар көмек сұраған дауысты естіген бойда арыққа қарай жүгірген. Олар сол жерде суға ағып бара жатқан баланы көреді.

Дәл осы уақытта 102 пультіне каналдағы су бір баланы ағызып бара жатқаны туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына келген экипаж 9 жасар Рахатты ауруханаға жеткізіп, оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында.