ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінде браконьерлікке және басқа да табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күресте мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу жөнінде жұмыс кездесуі өтті

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Молдияр Оразалиевтің төрағалық етуімен ағымдағы жылғы мамырдың 28-інде Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы, Балық шаруашылығы комитеттерінің, сондай-ақ ІІМ-нің Жол полициясы, Тергеу комитеттерінің басшыларымен жұмыс кездесуі болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде қабылдап жатқан бірлескен шараларға қарамастан, атыс қаруын қолданып, көлік құралдарын және тыйым салынған аңшылық құралдарын пайдалана отырып жасалған браконьерлік фактілерінің орын алуының жалғасып келе жатқандығы атап көрсетілді. Орманды заңсыз кесуге, балықтың бағалы түрлерін аулауға байланысты мемлекеттік орман қорының, сондай-ақ Каспий теңізінің биологиялық ресурстарының сақталу проблемасы өзекті мәселе болып қалуда. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайту мақсатында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне заңсыз ағаш кескені, су жануарларын заңсыз аулағаны, олжалағаны үшін құқық бұзушылықты жасау көліктері мен құралдарын тәркілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ІІМ Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге биологиялық ресурстар нысандарының және өнімдерінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті белгілеу бөлігінде толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізуде. Сонымен қазіргі таңда көлік және басқа да техникалық құралдарды тәркілеу бөлігіндегі шара тиімсіз, өйткені олар көбінесе құқық бұзушының меншік құқығына жатпайды. Осыған орай министрлік Қылмыстық, Әкімшілік заңнамаларда браконьерлік фактілері жасалған көлік және басқа да техникалық құралдарды меншік түріне қарамастан тәркілеуді белгілеу жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық етуде. Кездесуде нормативтік құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру, браконьерлікке және басқа да табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестегі бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар пысықталды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум