ІІМ Белгородта 6 адамды өлтірген қанішер туралы ақпаратқа сыйақы бермек
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары Белгородта алты адамды өлтірген қаныпезердің қайда екендігі туралы ақпаратқа сыйақы берілетіндігін жариялады.
Бұл туралы Белгород облысының ІІМБ хабарлады.
Айта кетсек, қайғылы оқиға Халықтық бульварда дүйсенбі күні орын алған. Алдымен ер адам қару дүкенінде, кейін көшеде оқ жаудырған. Оқиға орнында бес адам ажал құшты. Жансақтау бөліміне жеткізілген 16 жастағы бойжеткен де көз жұмды.