ІІМ бұрынғы басшысы Грекия президенті болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекия Парламенті сәрсенбіде 65 жастағы бұрынғы ішкі істер министрі Прокопис Павлопулосты президент етіп сайлады, деп хабарлады Reuters.
Дауыс беру барысында оның кандидатурасын 180-нен астам депутат қолдады. Бұл бірінші турда-ақ сайлау үшін жеткілікті дауыс.
Павлопулос кандидатурасын өткен сейсенбіде радикалдық солшыл күштер коалициясының партиясын (СИРИЗА) басқаратын ел премьер-министрі Алексис Ципра ұсынған болатын.
Сайлау жеңімпазы 85 жастағы Каролос Папульястың бес жылдық басқару мерзімі аяқталған кезде наурызда президенттік таққа отырады.