13:06, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
ІІМ Ішкі әскер комитеті мен Астана гарнизонының әскери қызметкерлері пәтер кілттерін алды
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер комитеті мен Астана гарнизонының әскери қызметкерлері пәтер кілттерін алды,

деп хабарлады сәрсенбі күні комитеттің баспасөз қызметінен.
Елбасының тапсырмасы бойынша және Үкіметтің шешіміне сәйкес, елордалық әкімдік бұрынғы балабақша ғимаратында тұрып жатқан әскери қызметкерлерге 30 пәтер берді. «Жалға берілетін баспана» бағдарламасы бойынша берілген пәтерлер «Эверест», «Ескендір» және «Формула успеха» тұрғын үй кешендерінде орналасқан.
Қоныс той иелеріне пәтер кілттерін салтанатты жағдайда ІІМ Ішкі әскер қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықов табыс етті.
Ал балабақша ғимараты жақын арада Астана әкімдігінің қарауына беріледі. Бұл жатақханада әскерилердің отбасы 10 жылдан астам уақыт тұрып келді.