ІІМ Ішкі әскерлерінің 20 жылдығы аталып өтілуде

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр.
None
None

Мерейтойды мерекелеуге ҚР Ішкі істер министрлігінің басшылығы, Ішкі әскерлер қолбасшылығы, Ұлы Отан соғысы және Ішкі әскерлер ардагерлері, министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ Ішкі әскердің елорда гарнизонының әскери қызметшілері қатысты.

Салтанатты шараның алдында қонақтар Ішкі әскердің бөліністері жарақталған заманауи техника мен қару-жарақ түрлерімен, байланыс құралдары және әскери қызметшілердің киім-кешектер үлгілерімен әскердің Орталық мұражайында Ішкі әскердің тарихынан сыр шертетін материалдармен таныстырылды.

«Сонымен қатар айтулы іс-шараға Ішкі әскердің штатттық-спорттық командасы құрамындағы әскери қызметшілер - олимпиада және халықаралық жарыстарда Қазақстанның көк байрағын талай рет желбіреткен атақты спортшыларымыз Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Светлана Подобедова, Александр Седов, Майя Манеза, Людмила Прокашева және осылар сынды басқа да спорт саңлақтары шақырылды»,-дейді Ішкі әскер қызметкерлері. Шараның салтанатты бөлігінде әскердің алғашқы құрылуының басында болған және оның дамуына зор үлес қосқан ардагер-генералдарға, сондай-ақ аға буын дәстүрін жалғастырушы - бүгінгі жауынгерлерге наградалар тапсырылады. Сонымен қатар, әскер құрамаларында мерейтой құрметіне орай жыл бойы өткізілген «Үздік взвод командирі, командирдің үздік тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, үздік рота командирі» және «Үздік рота старшинасы» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Айта кетейік, бүгін кешқұрым Астанадағы Конгресс-Холлда ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблінің гала-концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар