ІІМ қазақстандықтарды алаңдатқан алаяқтық мәселесіне қатысты жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстегі өзгерістерге байланысты алаяқтықтықтың шарпуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Атап айтқанда, адвокат Ерлан Ғазымжанов 179-бап 1-бөліміндегі сот заңсыз деп танымаған жазбаша құжаттар негізінде бұзушылық туралы өтінішті тіркеу жойылатын өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

«Алаяқтарды құттықтаймын (...) Алаяқтардың 90%-ы қылмыстарын жүзеге асыру кезінде зардап шегушіден қарыз келісімшартын жасау немесе қолхат жазу арқылы алады. Енді полиция жоғарыда аталған алаяқтық туралы өтініштерді тіркемей, азаматтық сотқа жолдайды. Ол жерде зардап шегуші қарыз келісімшартының немесе қолхаттың жарамсыз екендігін жазбаша дәлелелдемелер арқылы дәлелдей алмайды, себебі азаматтық сот өндірісінде мәміленің жарамсыз екендігін тек жазбаша дәлелдемелер арқылы ғана дәлелдеуге болады», - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісінде.

ҚазАқпараттың Ішкі істер министрлігіне жолдаған сауалына берген жауабында адвокаттың пікірінің дұрыс емес екендігі айтылған. Заңнамадағы жаңалық азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қосымша шаралар тұрғысынан оң мәнге ие және бұл мемлекеттің қылмыстық-жазалау әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық қудалаудан бас тартуын білдірмейді.

ІІМ кез келген заңбұзушылықтың заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылатынына сендіруде.

«Қылмыстық қудалау органдарының қазіргі заманғы нормативтік, әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуі қылмыстық құқықбұзушылықтардың жедел және сапалы ашылуына және тергелуіне, сондай-ақ әділ сот ісін жүргізуге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді ІІМ-де.

Соңғы жаңалықтар