ІІМ Криминалдық полиция комитеті ақпанның 16-сы мен 20-сы аралығында «Қақпан» операциясын өткізді

АСТАНА.Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Құқық тәртібін қамтамасыз ету, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау және автокөлік құралдарын ұрлаумен және айдап әкетумен,
None
None
сондай-ақ автомашина жүргізушілеріне жасалатын қарақшылық шабуылдар және тонаулармен байланысты ақпанның 16-сы мен 20-сы аралығында «Қақпан» кең көлемді операциясы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-нің Криминалдық полиция комитетіне сілтеме жасап. Шара барысында автокөлік құралдарын иеленумен байланысты жасалған 45 қылмыс тіркелді, оның 36-сы ізі суымай ашылды. Бұрын ұрланған 55 автомашина табылып, заңды иелеріне қайтарылды, 96 күдікті ұсталып, 9 қылмыстық топ әшкереленді, олардың бұрын жасаған 32 автокөлік құралдары қылмысы, оның ішінде өткен жылдардың еншісіндегі 10 қылмыс әшкереленді. Іздестіруде болған 22 қылмыскер ұсталды. Операция кезінде 3188 жеке автошеберхана, күдік туғызған автоқызмет кәсіпорындары тексерілді, оның барысында бұрын ұрланған 15 автомашина анықталып, иелеріне қайтарылды. Қылмыскерлерден 15 бірлік атыс қаруы (5 шолақ мылтық, 9 мылтық пен винтовка, 1 тапанша), 1 граната және 300 киләға жуық есірткі тәркіленді.
Соңғы жаңалықтар