ІІМ қызметкерлері Тараз бен Алматыда қаза болған полицейлердің отбасыларына бір күндік жалақыларын аударады
Бұл туралы бүгін апталық брифингте аталған министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының барлық аумақтық бөлімшелеріне Таразда және Алматыда қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ жараланғандарды емдеуге материалдық көмек көрсету туралы хат жолдады». Ішкі істер органдарының жеке құрамалары қызметкерлердің отбасыларына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударады, деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған қызметкерлердің отбасыларына жерлеу рәсімдерін өткізу үшін үш айлық жалақылары көлемінде ақшалай қаражат, ал 6 ай өткеннен кейін 60 айлық қаражат берілмек, ал жарақаттанған қызметкерлерге жәрдемақы төлеу қарастырылған.
ІІМ ресми өкілі қарулы қылмыскерді ұстауда батылдық пен жанқиярлық көрсеткен Жамбыл облысы ІІД-нің жеті қызметкері (үшеуі - марқұм) және Алматы ІІД патруль полициясы полкының екі қызметкері мемлекеттік наградаға ұсынылғанын хабарлады.