ІІМ: Мемле­кеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында алғаш рет бейнеемтихан қабылданды

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Ішкі істер органы саласында тіл саясатын жүзеге асыруға барынша көңіл бөлініп келеді.

ІІМ: Мемле­кеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында алғаш рет бейнеемтихан қабылданды

Осы бағытта атқарылған іс-шаралардың бірі, мемлекеттік тілді тиімді және сапалы қолдану үшін, ішкі істер органдарының қызметкерлерін жыл сайын мемлекеттік тілге оқыту болып табылады.

Бүгінгі күні мұнда республика бойынша оқитындардың жалпы саны 15 мыңнан астам қызметкерді құрап отыр. Аталған са­бақтарды қорытындылау және мемле­кеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында министрлікте ішкі істер органдарының қызметкерлерінен ең алғаш рет бейнеемтихан қабылданды.

Осы іс-шара барысында полиция қыз­меткерлері негізгі және ІІМ басшылығы тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап берді, қызмет барысында жиі қолда­нылатын терминдерді және сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер, диалогтар құрастырды. Сөйтіп бұл айтулы шара ІІО құрылғанына жиырма жыл толу құрметіне арналды.

Аталған іс-шараға Ішкі істер министрі­нің орынбасары генерал-майор А.Күрең­бе­ков қатысты, ол бейнеемтихан қабыл­дау­да­ғы басты мақсат полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тілді үйренуге, әрі оны күн­де­лікті қызметтерінде қолдануға асқан жау­апкершілікпен қарауларын талап ету екенін баса айтты. Сондықтан бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатыны анық, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті Ішкі істер министрлігінің мем­ле­кеттік тіл және ақпарат қызметіне сілтеме жасап.