ІІМ -нің Көліктегі ішкі істер департаментінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мерт болған қызметкерлерді еске алуға арналған ескерткіш ашылды

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - «Бүгін Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінде қызметтік борыштарын орындау кезінде Отаны мен халқы үшін өмірін құрбан еткен қызметкерлерді еске алуға арналған ескерткіш ашылды»,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ішкі істер органдарының қызметкерлері еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғау бойынша қызмет атқарады. Осы қызмет барысында олар жеке бастарын қатерге тіге отырып, қоғам алдындағы борыштарын өтейді.

Көліктегі ішкі істер департаментінің мәліметтері бойынша, аталмыш орган құрылған уақыттан бері 10 тәртіп сақшысы қызмет бабында қаза тапқан. Бүгін ашылған ескерткіш есіл ерлерді халық жадында мәңгі есте ұстау мақсатында қолға алынған игі шара.

Аталмыш ескерткіштің ашылу салтанатына ішкі істер органдарының қызметкерлері мен осы саланың ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар