ІІМ облыстық басқармасының басшысы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сахалин облысы бойынша ІІМ басқармасының басшысы Владислав Белоцерковский өз кабинетінде ұсталды.

ІІМ облыстық басқармасының басшысы ұсталды

Бұл туралы Сахалин облысы ІІМ басқармасындағы дереккөз мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Белоцерковский тергеу оқшаулағышына қамалған.

Ол 2010 жылғы шілдеде РФ президентінің жарлығымен Сахалин облысы бойынша Ішкі істер басқармасының басшысы болып тағайындалған.