ІІМ Петропавл оқиғасындағы күдіктінің қалыпты мектепте оқуына рұқсат берген мекемені атады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Үкімет отырысында Петропал оқиғасындағы күдіктінің қалыпты мектепте оқуына рұқсат берген мекемені атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІМ Петропавл оқиғасындағы күдіктінің қалыпты мектепте оқуына рұқсат берген мекемені атады

«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды.

Күдіктінің психикалық денсаулығында проблема болған. Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген», - деді Марат Қожаев.

Еске салсақ, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған болатын.

Кеше түс кезінде оқиға кезінде зардап шеккен оқушылар жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.