ІІМ Р. Ниязовтың арызына қатысты әрекетсіздікті жоққа шығарып отыр

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ІІМ Р. Ниязовтың арызына қатысты әрекетсіздікті жоққа шығарады.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,

«Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бірқатар БАҚ-та жәбірленуші (дәмхана иесі) Р. Ниязов осы фактіні тергеуде ішкі істер органдарының әрекетсіздігі туралы түсініктемелер жариялағаны белгілі. Сонымен қатар айта кететін жайт, осыған байланысты Ниязовтың арызы ақпанның 12-інде келіп түсті. Келесі күні қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Ол аяқталған соң, іс сотқа жіберілетін болады. Бұл іс министрлік басшылығының бақылауында», деді Қ. Жұманов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ақпанның 12-інде, күндіз Қайрат Әбдікәрімов күрекпен елордадағы «Мол дастархан» дәмханасының мүлкін қиратқан. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қ. Әбдікәрімов бұндай әрекетін тауарлық белгіге орай туындаған жанжалға байланыстырған.

Соңғы жаңалықтар