ІІМ республика аумағында «Жұмыспен қамту» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Ішкі істер министрлігі білім және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, ағымдағы жылғы шілденің 19-23-і аралығында «Жұмыспен қамту» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.

ІІМ республика аумағында «Жұмыспен қамту» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді

Іс-шараның негізгі мақсаты - жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу, сондай-ақ ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған, қолайсыз отбасының балалары мен жасөспірімдерінің бос уақытын ұйымдастырылған нысандармен қамту.

Профилактикалық іс-шараға қатысуға жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП жастар қанаты филиалдарының өкілдері, барлығы - 12 мыңнан астам адам жұмылдырылды.

Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күнінде еңбек заңнының нормаларын бұзумен жұмыс жасап жатқан 63 кәмелетке толмағандар айқындалды, оның ішінде 18-і ойын-сауық орындарында, 13-і көлікте, 5-і ауыл шаруашылығы қызметінде және 29-ы басқа жерлерде анықталды.

Мысалға, Екібастұз қаласында 1992 жылы туылған кәмелетке толмаған А. базарда жұмыс істеп, оған байланысты еңбек заңдарының бұзылғаны айқындалды.

Ата-аналардың немесе олардың орын ауыстыратын адамдардың балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін 236 адам, кәмелетке толмағандарды алкогольді мас күйге жеткізгені үшін 17 ересек адам жауапқа тартылды.

Кәмелетке толмағандарға алкогольді ішімдік сатуды жүзеге асырған 89 сауда орыны анықталған, 107 сауда кәсіпорынының кәмелетке толмағандарға темекі сату фактісі тіркеліп, олар бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар жіберілді.

Ішкі істер органдарының мүдделі ведомстволарымен бірлесіп өткізілген іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылы кәмелетке толмағандардың арасындағы жасалған қылмыс 11,9%-ға (2252-ден 1984-ке) дейін азайды.