ІІМ: Республикада жасалған қылмыстардың 50 пайыздан астамы - ұрлық

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Республикада жасалған қылмыстардың 50 пайыздан астамы - ұрлық. Бұл туралы бүгін елордада елдегі криминогендік ахуал жайында баяндаған ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков мәлім етті.

ІІМ: Республикада жасалған қылмыстардың 50 пайыздан астамы - ұрлық

Оның айтуынша, мамыр айының бірінші онкүндігінде барлығы 3572 қылмыс тіркелді, оның ішінде 1797 фактісі - ұрлық.

Ең ірі ұрлық жасау оқиғасы 6-7 мамыр аралығында Тараз қаласында орын алды. Жамбыл темір жол стансасында «Встреча» мейрамханасының жалға алынған қосалқы бөлмесінде орналасқан «Халық банкі» акционерлік қоғамы филиалының банкоматынан сандық кілтті үйлестіру арқылы 14 млн. теңге ақша ұрланған.

Қ. Тыныбековтың мәлім еткеніндей, автокөліктерді ұрлау мен айдап кетудің 78 факті тіркелген, оның ішінде 39 факті әзірге ашылған жоқ.