ІІМ училищесінде Жолдаудың басымдықтары талқыланды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Училищесінде (Астана қаласы) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жұмыстары өткізілді,

ІІМ училищесінде Жолдаудың басымдықтары талқыланды

деп хабарлады Астана қаласы ІІМ училищесі Арнайы пәндер циклының оқытушысы полиция капитаны Мұрат Малшин.

Мұнда Училище бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Қаракүшев Жолдаудың тарауларына жеке-жеке тоқталып, тілді меңгеру, Жол картасы бойынша, Қазақстанның экономикасы жайлы да толық әрі жан-жақты мағлұмат берді. «Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық», - деді ол өз сөзінде.

Талқылау барысында ҚР ІІМ училищесінің бастығы полиция подполковнигі Сәлімгерей Қаракүшев жеке құрамға Жолдаудың барлық тарауларын жете түсіндіріп өтті. Әрбір мемлекеттік қызметкер, оқытушы Елбасының Жолдауын ой елегінен өткізіп, алдағы уақытта Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеуде өз тәжірибелерінде қолданады деген сенім мол.