10:25, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
                                        Иіркөлде клуб пайдалануға берілді
                                            ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) –Қармақшы ауданы Иіркөл ауылында жаңа клуб қажетті жиһаздарымен тұрғындар игілігіне берілді, 
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                     деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Клуб құрылысына ауданның қаржы қорынан 6 млн. 500 мың теңге жұмсалды. Ғимараттың 200 орындық көрермен залымен бірге жергілікті кітапханаға лайықталған кең бөлмелері де бар. Осы ауылда алдағы уақытта пошта үйінің құрылысы басталмақшы.